- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Израильде ХАМАС қозғалысының...
Израильде ХАМАС қозғалысының мүшелері тұтқынға алған германиялық Шани Лук қаза болды
Израильде ХАМАС қозғалысының мүшелері тұтқынға алған Германия азаматы Шани Лук қаза болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы оның анасы немістің RTL және NTV телеарналарына берген сұхбатында мәлімдеді.
"Өкінішке қарай, кеше қызымның енді тірі емес екені туралы хабар алдық", - деді Рикарда Лук. Әзірге бұл ақпарат ресми расталмаған.
Nature Party электрон музыка фестиваліне Израильге барған Шани Лукты палестиналық ХАМАС содрлары тұтқынға алынған. Қыздың киімсіз жүк көлігінде жатқан кадрлары бүкіл әлемге тарап кетті. Болжам бойынша қыздың аяғы сынған. Қыздың жеке басы ата-анасының арқасында анықталған. Олар қызды шашы мен денесіндегі суреттен таныған.
Кейін 22 жастағы Шани Луктың анасы қызының тірі екенін, бірақ Газа секторындағы ауруханада ауыр халде жатқанын айтты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек