Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль президенті Ицхак Герцогпен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Израиль тарапының бастамасымен болған әңгімелесу барысында Ицхак Герцог Қасым-Жомарт Тоқаевты Наурыз мерекесімен құттықтады.
"Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Израиль арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту перспективасын талқылады. Сондай-ақ, өзара тиімді екіжақты байланыстардың жоғары деңгейін сақтауға дайын екендерін растады", - деп жазылған хабарламада.
Израиль президенті биыл Қазақстанға сапармен келеді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!