- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Иттің майын денеге...
Иттің майын денеге жағуға бола ма?
Иттің майын денеге жағуға бола ма? Бұл сұраққа ҚМДБ өкілдері басқарманың ресми сайтында жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Шариғатта иттің еті, сілекейі нәжіс, харам болып саналады. Өйткені ит азу тісті жыртқыш аңдардың қатарына жатады.
Сондай-ақ, итті сатып ақшасын пайдалану харам.
Енді иттің майын емдік мақсатта пайдалануға келсек жеуге тыйым салынған жануарлардың еті және тағы басқа нәрселерімен емделуге болмайды.
Ғалымдар адал әрі таза дәрі табылмаған жағдайда ғана дәрігер иттің майын жағуға кеңес берсе оған рұқсат берген.
"Сондықтан әділ әрі сенімді мұсылман дәрігер аурудың жалғыз емі - иттің майын жағу және оның еш зияны жоқ деген қорытынды жасаған жағдайда әрі оның орнын басатын халал дәрі табылмаса, онда оны емдік мақсатта қолданудың оқасы жоқ", - делінген ҚМДБ жазбасында.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина