Желіде демалыс орталығының қызметкерлері мен келушілері арасында төбелес шыққаны бейнеленген видео тарады. Полиция қызметкерлері бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видео Instagram-парақшалардың бірінде пайда болды. Онда демалыс орталығының қызметкерлері мен келушілері арасында жанжал шыққаны, оқиға Алматы облысында болғаны айтылған. Оқырмандардың бірінің айтуынша, төбелес тариф бағасынан шыққан. Қызметкерлер Ақтаудан келген отбасының бір баласының бойы 130 сантиметрден асқаны үшін ересек адамға төленетін бағаны сұраған. Келушілер бұған наразы болған.
"Бассейн жұмысшылары жаппай үш келушіге жабылды. Ортадағы кішкентай балаларға қарамастан, жас жігіттер әкесімен жасты үш келушіні иттей қылды", - деп жазылған видеода.
Полиция қызметкерлері бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді.
"24 шілдеде әлеуметтік желіде қоғамдық тәртіп бұзылғаны туралы видео тарады. Бұл дерек Қарасай аудандық полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне Қылмыстық кодекстің 293-бабы, 2-бөлігі 1-тармағы бойынша тіркелді.
Куәгерлердің сөзінше, 24 шілдеде сағат 12.30-да Шамалған станциясындағы бассейнде әкімшілігі мен келушілер төбелесіп қалған. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында соталды тергеу жүріп жатыр. Қажет сараптамалық тексерулер тағайындалды", - делінген ресми хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!