Алматы облысының екі тұрғыны арасындағы жанжал қару қолдануға дейін жеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
Телеарна мәліметінше, ер адам көл жағасында демалушыларды мылтықпен қорқытып, қуып жіберуге тырысқан. Бұл жағдайды куәгер видеоға түсіріп алған. Ол Бәйтерек ауылындағы су қоймасында отбасы иттерімен серуендеп жүргенін, кейін көлік келіп, оның жүргізушісі "қонақтарды" қуа бастағанын жазған. Қарсылықтарға белгісіз адам осы жердің иесі екенін айтып, тегіс ұңғылы қару шығарған.
Видео авторы тәртіп сақшыларын шақырып, оларға көліктің мемлекеттік нөмірін бергенін мәлімдеді. Бірақ бұзақы табылмаған. Кейін полиция қызметкерлері қылмыстық іс қозғады. Сол бойынша күдікті 30 тәулікке қамауға алынады.
"Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 115-бабы бойынша аудандық полицияда тіркелген. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау бойынша қажет тексеру іс-шаралары жүргізіліп жатыр", - деді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі өкілі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!