14 мамырда Ақтөбеде "Батыс Кинологиясы" атты иттер көрмесі өткен. Оған Қазақстан мен Ресейден 90-нан аса ит қатысты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.
Көрмеге Орал қаласынан аляскалық маламут Чарли атты ит иесімен келген. Бұл отбасында бес хаски мен үш маламут тұрады. Чарли аюға ұқсайды, ол барлық адамға өзін ұстауға рұқсат берген.
"Алдымен хаски алдық, содан кейін маламутты көрдік, мен ғашық болдым. Қазір бізде хаски де, Аляска маламуттары да бар", - деді Лилия.
Ал Паскаль мен Пикачу атты иттерді иесі Тамара Ақтаудан алып келген. Олар небәрі 1,6 жаста, бірақ иттерге рұқсатсыз жақындау қорқынышты. Олар италиялық тұқымға жатады.
Көрмеде ең кішкентай иттердің өкілі - шипперке тұқымдасы Макс атты ит те болған. Макс әдемі ғана емес, сонымен қатар ақылды ит. Бұйрық берсе, суретке түсу үшін тұра қалады. Ол Калининградта дүниеге келген, қазір Оралда тұрады.
Көрме қорытындысы бойынша Ақтөбеден келген екі жасар неміс төбеті Пальмира үздік болды.
"Шынымды айтсам, бәсекелестік үлкен болды", - деді Пальмираның иесі Игорь.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!