- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Есірткі қылмысы
Иттердің көмегімен есірткіге қатысты 33 қылмыс ашылған
Фото:
ҚМА
Жыл басынан бері иттердің көмегімен есірткіні заңсыз тасымалдаудың 33 фактісі анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Табылған есірткінің жалпы салмағы 17 келі, оның ішінде:
- марихуана/каннабис - 5,2 кг. (20 факт);
- гашиш/гашиш майы - 11,5 кг. (11 факт);
- көкнәр сабаны, тетрагидроканнабинол және басқа да синтетикалық есірткі түрлері.
Сонымен қатар осы кезеңде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы декларацияланбаған валютаны заңсыз өткізудің 17 фактісі анықталды.
Анықталған валютаның жалпы сомасы - 529 152 АҚШ доллары мен 9 500 еуро.
Оның ішінде 15 жағдай Алматы қаласында, 2 жағдай Маңғыстау облысында тіркелген.
Еске салайық, 2023 жылы кинологиялық орталық мамандары есірткі транзитінің 29 фактісін және валютаны заңсыз шығару әрекетінің 18 фактісін анықтаған.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина