Иттердің көмегімен 4 мыңға жуық қылмыс ашылды

Қызметтік иттер 3,5 мыңнан аса қылмысты ашты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

10 айда қызметтік иттердің көмегімен 3,5 мыңнан аса қылмыс ашылды. 1200-ге жуық тексеру іс-шаралары өткізілді. Заңсыз айналымнан 4 тоннаға жуық есірткі, оның ішінде 87 келі синтетика тәркіленді.

Мұндай тексерулер әуежайларда, вокзалдарда және жолаушылар пойыздарында, сондай-ақ "Қазпошта" бөлімшелерінде тұрақты түрде жүргізіледі.

Иттің иіс сезу қабілеті адамға қарағанда әлдеқайда күшті. Олар екі миллионға дейін иіс ажырата алады. Бұл ерекшеліктер иттерді қызметтік-іздестіру жұмыстарында, яғни жоғалған адамдарды, есірткілер мен жарылғыш заттарды іздеуге қолдануға мүмкіндік береді.

Қазір ішкі істер саласында жүздеген ит қызмет етеді. Олардың едәуір бөлігі есірткі заттарын анықтауға үйретілген. Айта кетейік, ит есірткі заттарын ғана емес, оларды қолданушыларды да анықтай алады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз