- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Иттерді басынан ұрып...
Иттерді басынан ұрып өлтіріп, ішек-қарнын ақтарып тастаған: полиция Талғардағы жайтқа пікір білдірді
Алматы облысында еріктілер Талғардағы үй және көше иттері қайда жоғалып кететінін анықтады. Олар тергеу жайлы видеоны парақшаларына салған. Бұл жағдайға қатысты полиция қызметкерлері пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Биыл 25 сәуірде Instagram әлеуметтік желісінде жүргізілген мониторинг барысында Талғар ауданы, Кеңдала ауылының аумағындағы мал қорымы туралы видео анықталды.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, сол күні Талғар ауданы ПБ-на Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 316-бабы 1-бөлігі "Жануарға оның мертігуіне алып келген қатыгездікпен қарау" бойынша қылмыстық құқықбұзушылық тіркелді.
Қазір қылмысқа қатысы барларды анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.
Қылмыстық істің тергелу барысы мен нәтижелері Алматы облысының Әділет департаментінде бақылауға алынды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Еске салайық, Алматы облысындағы еріктілер тергеу жүргізіп, Талғардағы үй және көше иттері қайда жоғалып кететінін анықтады. Еріктілер фотоқақпан сатып алып, шұңқыр орналасқан аймаққа түнде орналастарған. Артынша фотоқақпанға бір көлік түсіп қалған. Кейіннен иттер жатқан шұңқыр бетонмен жабылған. Еріктілер "бұл кімнің тапсырысымен" жасалғанын түсінбей дал болған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек