- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Иттер қауып алуы...
Иттер қауып алуы мүмкін еді: әйел баласын туа салып жазық далада тастап кеткен
Өзбекстанның Ферғана облысындағы жазық далада нәресте табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Podrobno.uz сайтына сілтеме жасап.
Нәресте суықта қатып немесе иттер талап кетуі мүмкін еді. Алайда, басылым мәліметінше, бала аман қалған.
Оқиға 2 қарашада Ферғана облысындағы "Юкори арча" махалласында болған. Баланы атпен серуендеп жүрген жергілікті тұрғын тауып алған. Бала көрпеге оранып жатқан. Есі шыққан тұрғын ұлына хабарласып, көмекке шақырған. Ол полицияға хабарласқан. Полиция жедел жәрдемді күтпей, баланы қызметтік көлікпен бірден ауруханаға апарған.
Ер адамның сөзінше, жазық далада иттер көп жүреді екен.
"Бала бүгін туған. Туа салып тастап кеткен. Кіндігіне қарағанда әйел баласын үйінде босанған. Бала далада ұзақ қалған, сондықтан дене қызуы төмен болып тұр", - дейді дәрігерлер.
Оқиға полицияның бақылауына алынған. Сотқа дейінгі тексеріс жүріп жатыр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина