Ферғана қаласында иттер жаппай уланып қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жануарларды қорғау қоғамы Mehr va Oqibat-қа куәгерлерден арыз түскен. Онда Ферғана абаттандыру басқармасының жануарларды уақытша ұстау пунктінде иттер жаппай уланғаны айтылады. Куәгерлердің сөзінше, мұнда иттерді жиі улайды, бірақ оны дәлелдеу мүмкін емес.
Үй жануарларын қорғаушылар ІІМ-нен, Бас прокуратурадан және Ферғананың әкімдерінен кінәлілерді жазалауды сұрап, үйсіз жануарларды жою үшін улы заттарды қолдануға тыйым салу туралы өтініш жасады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!