Жол апатынан зардап шеккен Екібастұз тұрғынының ісінде тың дерек пайда болды. Жантүршігерлік жол апатында куәгер болған адамға айып тағылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Зардап шеккен ер адамның әйелі жол апатынан бес ай өткен соң жүргізілген автотехникалық сараптаманың қорытындысы бойынша куәгерге қылмыстық іс бойынша айып тағылғанын айтты. Былтыр қыркүйекте Екібастұздағы жанар-жағармай құю бекеттерінің бірінің маңында жантүршігерлік апат болды.
"Жолдасым Астанадан Екібастұзға қайтып келе жатып, жолдан екі адам алған. Алдыңғы орындықта бір қыз, ал күйеуімнің артында бір ер адам отырған. Энергетиков көшесімен келе жатқанда Toyota Camri 30 көлігі соққан. Жүргізуші қатты жылдамдықпен келе жатқан. Кейінірек ол жол бойында қаңғыбас итті көріп, оны айналып өтпек болғанын, содан кейін тізгінге ие бола алмай, күйеуімнің көлігіне соққанын білдік", - деді жәбірленушінің әйелі.
Бұған дейін Павлодар облыстық полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров оқиғаның жай-жапсарын айтқан болатын. Ол жол апатына Toyota Camry жүргізушісі кінәлі екенін айтты.
"2022 жылғы 23 қыркүйекті сағат 22:20 шамасында болған жол апаты бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 16 наурызда соталды тергеп-тексеруге қатысушыларға соталды тергеп-тексерудің аяқталып, іс материалдарымен танысу басталғаны хабарланды. Танысу аяқталғаннан кейін айыптау актісін жасау және қылмыстық істі ҚІЖК-нің 300-бабы тәртібімен прокуратураға жіберу жоспарланып жатыр", - деп түсіндірді Tengrinews.kz тілшісіне Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.
"Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет" бабы бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!