Батыс Қазақстан облысында итті ұру ісіне қатысты тергеу тоқтатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой ГОРОД" сайтына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, былтыр 15 қарашада белгісіз біреу жануарларды қорғаушы Ақсай тұрғыны Светланаға жантүршігерлік видео жіберген. Видеода ер адам итті шынжырмен сүйреп бара жатқанын көруге болады. Одан бөлек, иттің аяғына қақпан салынған. Салдарынан иттің аяғы жұлынып кеткен. Светлананың сөзінше, әлдекімдер итті арматурамен ұрған.
Артынша ит иесі істің мән-жайын түсіндірген видео тараған. Видеода ер адам иттің аяғы қақпанға түсіп қалғанын және жануарға көмектескісі келгенін айтқан. Ит ер адамды қауып алмақ болғандықтан, ер адам жануарды сүйреп апаруына тура келген екен. Бірақ БҚО полиция департаменті өкілдері бұл іс бойынша соталды тергеу басталғанын хабарлаған.
Ал бүгінде, ПД өкілдерінің сөзінше, соталды тергеу тоқтатылған. Жануардың қазіргі жағдайы әзірге белгісіз.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!