TikTok пайдаланушылар арасында "ит-мысықпен сөйлескен" алматылық полицейдің видеосы хитке айналды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлеуметтік желі қолданушылары полицейдің даусына 30-дан аса видео түсірген. Олардың ең қызығымен бөлісейік.
@nurjan80kz #иттерменсөйлесу#келіссөз#рек ♬ оригинальный звук - Нұржан1980
@neangel29 #дуэт с @Нұржан1980 #иттерменсөйлесу ♬ оригинальный звук - Нұржан1980
@nazik1111111 #дуэт с @Нұржан1980 ♬ оригинальный звук - Нұржан1980
@ai_aidar_83 #дуэт с @Нұржан1980 ♬ оригинальный звук - Нұржан1980
Еске салайық, Желіде "ит-мысықпен сөйлескен" алматылық полицейдің видеосы тараған болатын.
Кадр Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тұрғындармен кездесуі кезінен алынған. Тұрғын нақты қандай сұрақ қойғаны көрсетілмеген, видео әкімнің "РУВД бастығы біле ме?" дегенінен басталады.
"Бұл жағдай бойынша ескерту берілген. Әкімшілік хаттама толтырылған. Иттермен сөйлесіп... Ит-мысықтарға біраз... ескерту бергенбіз", - дейді полиция формасын киген ер адам.
Бұған әкім қанағаттанбай, "мынау не жауаптарың?" дейді.
@nurjan80kz #иттерменсөйлесу#келіссөз#рек ♬ оригинальный звук - Нұржан1980
Қазнет қолданушылары полицейдің жауабын күлкіге айналдырған.
"Дұрыс. Ит-мысықтар қай тілде сөйлесе, сол тілде жауап беру керек", "Мықты ғой біздікілер, өз тілін дұрыс білмесе де, ит-мысықтың тілін біледі", "Менің де итіммен сөйлесіп беріңізші, қаңғыбас болып кетті", "Бәсе, Ақтөс кеше сөйлестік деп жатыр еді", "Итім, саған айтамын, мысығым, сен тыңда", - деп әзілдеген желі қолданушылары.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!