- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Итеріп, шашынан жұлған"....
"Итеріп, шашынан жұлған". Ақтауда әйел адам мүмкіндігі шектеулі жасөспірім қызбен төбелескен
Желіде әйел адамның кәмелетке толмаған қызбен төбелесінің видео тарады. Оқиға Ақтауда болған. Қыздың анасының сөзінше, көрші әйел мүмкіндігі шектеулі қызын ұрып тастаған. Маңғыстау облысының Полиция департаменті өкілдері бұл дерекке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға Ақтаудағы 34-шағынаудандағы №10-ның ауласында болған. Видеодан әйел адам мен кәмелетке толмаған қыз бір-бірін итеріп, шашынан жұлып жатқанын көруге болады.
Облыстық ПД мәліметінше, бұл дерек туралы хабар 17 қыркүйекте сағат 18.28-де түскен.
"Учаскелік инспекторлар бұл деректі растады. Кәмелетке толмаған қызды ұрған 36 жастағы әйелге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды", - дейді ПД өкілдері.
Тағы да оқи отырыңыздар: Төлқұжатты қанша күнде ауыстырып береді?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина