- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Италиядағы «EXPO-2015» көрмесіне...
Италиядағы «EXPO-2015» көрмесіне қазақ қымызы қойылады
Италия елінің астанасы Милан қаласында өтіп жатқан «EXPO-2015» көрмесіне павлодарлық «Сағып» ШҚ шығаратын қымыз қойылатын болды. Бұл туралы шаруа қожалықтың басшысы Төлеу Құшманова хабарлады, - деп жазды www.bmtv.kz порталы.
«Қазагромаркетинг» АҚ мен облыстық әкімдік тарапынан халықаралық көрмеге қатысты хабарлама келді. Қазіргі таңда Италияда тұратын ұлым айтулы шараға жергілікті өнімді жеткізу бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр. Ұлттық сусын шетелдік қонақтардың көңілінен шығады деген үміттеміз», - дейді кәсіпкер.
Төлеу Құшманованың айтуынша, жаз мезгілінде қымыз цехында сауылатын 140 биеден тәулігіне 1400-1500 литрге дейін өнім алынады. Биыл 29 наурызда Мәскеу қаласына алғашқы партиямен төрт тонна қымыз жіберілген. Шаруа қожалық иесінің ендігі мақсаты – 50 бас жылқы тұратын базаға жаңғырту жұмыстарын жүргізіп, электрлі суару жүйесін іске қосу.
«EXPO-2015» бүкіләлемдік көрмесі Миланда биыл 1 мамыр-31 қазан аралығында өтеді. Көрменің тақырыбы – «Планетаны тамақтандыру, тіршілікке арналған энергия». Миландықтар көрмеге 29 миллион қонақ келеді деп күтуде.
Е. Жұмабайұлы