Италияның Азаматтық қорғаныс департаменті тұрғындарға Түркиядағы жер сілкінісіне байланысты цунами қаупі туралы ескертті. Бұл хабарлама ведомство сайтында пайда болды, - деп хабарлайды Lenta.ru.
Италияның оңтүстік жағалауында цунами болуы мүмкін екені айтылған, сондықтан тұрғындар мен туристерге жағалау аймақтарынан аулақ болуға, жергілікті биліктен келетін ақпаратты бақылауға кеңес берілді.
Ұлттық геофизика және вулканология институтының қызметкерлерінің болжамы бойынша толқын Калабрия, Пуглия және Сицилия аймақтарына жетуі мүмкін. Кейінгі мәліметтер бойынша толқын 15 сантиметрден аспайды.
Еске салайық, бұған дейін Түркияда жойқын зілзала болғаны хабарланған еді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияның оңтүстік-шығысында адам шығынына әкеп соқтырған жер сілкінісіне байланысты Режеп Тайып Ердоғанға көңіл айтты. Сонымен қатар, Ердоған зілзаладан қаза тапқандар саны 912-ге жеткенін мәлімдеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!