Италия премьер-министрі Қазақстанға ресми сапармен келеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 26-27 сәуір күндері Италия премьер-министрі Джорджа Мелони Қазақстанға ресми сапармен келеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Келіссөз барысында тараптар Қазақстан мен Италия арасындағы стратегиялық серіктестікті дамыту перспективасын талқылайды.

27 сәуірде Астанада "Орталық Азия – Италия" форматындағы тұңғыш саммит өтеді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!