Италия премьер-министрі Джорджа Мелони Қазақстанға сапарын шегерді

Италия премьер-министрі Джорджа Мелони Қазақстанға сапарын шегерді
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Италия премьер-министрі Джорджа Мелонидің Қазақстанға жоспарланған сапары, сондай-ақ, "Орталық Азия - Италия" тұңғыш саммиті шегерілді. Бұл туралы Президенттің кеңесші - баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, Италия премьер-министрі енді қашан келетінін тараптар келіседі.

"Италия тарапының өтініші бойынша Италия премьер-министрі Джорджа Мелонидің Қазақстанға жоспарланған сапары және "Орталық Азия - Италия" тұңғыш саммиті оның Рим Папасы Франциск қайтыс болуына байланысты аза тұту іс-шараларына қатысуына орай шегерілді. Мерзімдері қосымша хабарланады", - деді Руслан Желдібай.

Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 26-27 сәуір күндері Италия премьер-министрі Джорджа Мелони Қазақстанға ресми сапармен келетіні хабарланды.

27 сәуірде Астанада "Орталық Азия – Италия" форматындағы тұңғыш саммит өтуі керек еді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget