- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ит 2...
Ит 2 миллион теңгеге жуық қағаз ақшаны жеп қойған: иелеріне оны қайтаруға мүмкіндік туды
АҚШ-та ит 4 мың доллар көлеміндегі қағаз ақшаны жеп қойған. Банк бұл жағдай туралы біліп, желімделген ақшаны тұтас ақшаға айырбастапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Life басылымына сілтеме жасап.
Иттің иесі Instagram-да осы оқиға туралы айтты. Кейін видео желіде тарап кетті.
"Бұл - Сесил. Ол төрт мың долларды жеп қойғанға дейін өмірінде жаман ештеңе істемеген шығар", - деп жазды иттің иесі.
Төрт мың долларды теңгеге шақсақ, шамамен 1 817 810 теңге болады.
Ол видеода иттің жағдайы жақсы екенін айтады. Бірақ иелері ақшаның кем дегенде бір бөлігін қайтару үшін қиын жұмыс істеуге мәжбүр болған. Олар ақшаны мұқият тазалап, желімдеуге тырысқан.
Видеоға сүйенсек, олар 3550 долларды (1 617 000 теңге - еск.) "қайтарды".
Посмотреть эту публикацию в Instagram
pghcitypaper.com басылымы мәліметінше, иттің иелері Керри мен Клейтон барлық соманы скотчпен жабыстырған.
"Банкте мұндай жағдайлар кездестіп тұратыны айтылды. Егер ақшаны сериялық нөмірлерімен қалпына келтірсеңіз, банк оны қайтарып алады да, жаңасына ауыстырады", - деді Керри City Paper басылымына.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова