- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Испанияда митинг
Испаниялықтар үкіметке қарсы көтеріліске шықты
Фото:
AP / Emilio Morenatti
Мадрид және Валенсия қалаларында халық үкіметке қарсы митингке шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы шетелдік БАҚ жазды. Басылымның мәліметінше, су тасқынына байланысты 130 мыңға жуық тұрғын митингке шыққан.
Жергілікті халық провинция президенті Карлос Мейсонның отставкаға кетуін қалайтынын жеткізді.
Митингке шыққан азаматтар "Валенсия басшысы түскі асын ұзақ ішіп болғанша, ондаған қала су астында қалды" деген жазуы бар плакат ұстап шыққан. Митингке шыққандар мен полиция арасында қақтығыс болған.
Еске салайық, бұған дейін Испаниядағы су тасқынынан қаза тапқандар саны көбейгенін хабарлаған едік.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Д. Ибраева