Испаниядағы табиғи апат: Тоқаев Король VI Фелипеге көңіл айтты

Испаниядағы табиғи апат: Тоқаев Король VI Фелипеге көңіл айтты
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Испания короліне көңіл айту жеделхатын жолдады , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Испанияда табиғи апат салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Король VI Фелипеге көңіл айтты. 

"Осындай ауыр сәтте Сізге, жақындарынан айырылған отбасыларға Қазақстан халқының және өзімнің атымнан көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін", - деп жазылған жеделхатта.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан