Астанада балаларын Испаниядағы футбол турниріне жібермек болған ата-аналар сан соғып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мән-жайы
Алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қаралған. Сотталған адам ата-аналарды Испанияға "барлығы қамтылған" тариф бойынша сапар ұйымдастырылатынына сендірген.
Күдікті турнирге қатысу ақысын, әуе билеттерін, визаны, балаларды алып жүру және спорттық киім сатып алу шығындарын төлеу деген түрлі сылтаумен жәбірленушілерден ақша алған. Алайда бұл міндеттің бірін де орындамай, ақшаны өз қалауына пайдаланған.
9 жәбірленушілерге келген материалдық залалдың жалпы сомасы 24 млн теңгеден асқан.
Сот не шешті?
Сот үкімімен қаскөйге 3 жыл 2 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Келтірілген залал сотталған адамнан өндіріліп алынған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова