Танымал қазақстандық Telegram-арналарда 1919 жылы испан тұмауы пандемиясы кезінде түсірілген ақ-қара сурет тарады. Онда бетперде таққан медбикелер мен олардың артында тұрған, бетперде тақпаған, костюм киген ер адамдар көрінеді. Желіде тараған ақпаратта олар элита өкілдері болғаны әрі бетперде тақпаса да вирус жұқтырмағаны айтылады, - деп хабарлайды Stopfake.kz.
Сурет іздеуге арналған құралдар көмегімен суреттің шынайылығы тексерілген. Ол 1918 жылы Испанияда емес, Аустралияда Сидней аудандарының бірінде 1919 жылы сәуірде түсірілген.
Суретте Блэкфрайарс депосынан кетіп бара жатқан медбикелер бейнеленген. Ал олардың артында тұрған костюмдегі ер адамдар кім екені белгісіз. Оларды "элита" өкілдері деп атау негізсіз.
Айта кетейік, 1919 жылдың басында осы сурет түсірілген Сиднейде маска тағу міндетті болған. Сондай-ақ, қалада мектептер мен ойын-сауық орындары да жабылған.
Алайда 1919 жылы да қазіргідей, пандемияға сенгісі келмейтін және бетперде тағудан, карантин шараларын сақтаудан бас тартқан адамдар болды. АҚШ-та және басқа елдерде олар қауымдастықтарға бірігіп, міндетті түрде бетперде тағу туралы қаулының күшін жоюға тырысқан.
Бетперде тағудан бас тартатын адамдар - бетперде тағу міндетті емес дегенді, ал тарихи суретте бетпердесіз тұрған адамдар испан тұмауы пандемиясы болмаған дегенді білдірмейді.
Демек, таралған ақпарат - суретте бейнеленген адамдар туралы дерек жетпеуіне негізделген манипуляция.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!