Исламабад Тоқаевтың сапарына дайындалып жатыр

Исламабад Қазақстан Президентінің мемлекеттік сапарына дайындалып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Президент 3-4 ақпан күндері Пәкістан Ислам Республикасына мемлекеттік сапармен барады.

Айта кетейік, сапар аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Шахбаз Шарифпен және президент Асиф Али Зардаримен келіссөздер жүргізіп, саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту перспективасын талқылайды.

Сонымен қатар, Қазақстан-Пәкістан бизнес форумына қатысу жоспарланған.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!