Шығыс Қазақстан облысы, Алакөл ауданының тұрғыны 57 жастағы Жанат Бақыт жеті ауруға ем қара сақар емдік қара сабын жасау кәсібімен айналысады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"40 жылдан бері айналысамын"
Жанаттың айтуынша, мұндай сабынмен жаңа туған баланы шомылдырса, денесі тез ширайды, денсаулығы мықты болады. Себебі сабын тек сақармен жасалады.
"Қытай Халық Республикасы, Алтайда дүниеге келдім. Қазіргі уақытта Алакөл ауданы, Үшарал қаласында тұрамыз. Сабын сақардан жасалады. Сақар дегеніміз алабота, сексеуіл, терек сияқты өсімдіктердің әбден қурағанын жаққан кездегі күлі. Күлдің түсі таза, әппақ болады. Сол күлді тұндырып, сабын жасаймыз. Бұған ешқандай қоқыс қосылмайды. Кез келген өсімдіктің күлі бұған жарай бермейді. Осы атап кеткен үш өсімдіктің әрқайсысынан жеке де, бірге қосып та жасаймыз. Ал үшеуі қосылған кезде емдік қасиеті керемет болады.
Біз Алтайда тұрған кезде үлкен кісілердің барлығы, енем де осылай сабын қайнататын. Себебі сабын ол кезде қат болды. Тұрмыстық заттарды ешкім әкеліп бермейтін. Анама, енеме көмектескеннен көргенім, үйренгенім бар. Сол кісілердің көзін көріп, ізін басқан адам ретінде кішкентайымнан мұны қайнатуды білемін. 40 жылдан бері осы кәсіппен айналысамын. Бұл біздің ата-кәсібіміз деп те айта аламыз", - деді Жанат Бақыт.
@seriksamal98 Таза табиғи, ықылым заманнан көшпелі қазақтың өзіне ғана тән ерекшелігін айқындайтын киелі қара сабыны❗️ Алаботаның сахарына сапырылып үздіксіз еңбекті талап ететін көзбен, сөзді көтермей өз бабында ғана жасалатын киелі ҚАРАСАБЫН бұл ағайын? Көненің көзін, көшпелі өмірдің дәмін татқан апаларымыз бұл сабынды көрсе «шіркін- аййй біреу болса, бір шомылып рахаттансам» деп тамсанары сөзсіз, «бұл не өзі” , «бұның еркекшелігі не» ”түрі қандай?” деп тыржиуыңыз бек мүмкін? Ендеше мен айтайын сіз оқыңыз? Денедегі түрлі тері ауыруларының алдын алады, түрлі бөртпе, етпен тердің арасындағы суық, жас, жаңа туған шақалақтың тез ширауына әсері өте мол, жаңа туған сәбиді күнаралата осы сабынмен шомылдырсаңыз тұзбен түсіруді тіпті керекте етпейді себебі құрамындағы табиғи сахар жас теріні қуырып тез ширатады, жақсы шираған тері түрлі жарақат алсада тез жазылары сөзсіз! П-сы Осы қарасабынды жасағанда көп адам қол тигізіп, сұқтаныпта қарамайды себебі сабын тезз шамданып құрамы өзгеріп кетеді екен? қылпылдап құбылып бабы келмесе әуреге салып коятыны бар… “Қазақтың сабындай қылпылдап” деген тәмсілі осыдан қалған мыс…
♬ оригинальный звук - Самал Серік
"Денені күйдіруі мүмкін"
Қара сабынды киім жуудан бөлек, емдік қасиетте де пайдалануға болады.
"Бұл денсаулыққа өте пайдалы. Денедегі жара, беттегі безеу, терідегі аурулар, соның ішінде бөртпені кетіреді. Сондай-ақ, сүйел, псориаз сынды ауруларға пайдаланса жақсы нәтиже береді. Иісі сәл қышқылдау болады, жақсы көпіреді. Балаларды шомылдыруға да пайдалы деп айтар едім.
Емдік қасиеті әсер ету үшін химикат қоспалардан жасалған сабын, бальзам, сусабынды қолдануды тоқтату керек. Аурудың түріне қарай сол жерді сабынмен жуып, сумен шаю керек. Сосын қайтадан көпіртіп, көбікті сол жерге 10-15 минут жағып қою керек. Бірақ одан аспауы керек. Себебі денені күйдіруі мүмкін. Осыны күнде 1-2 рет пайдаланса, жақсы нәтиже береді. Ал жас баланы түсіргенде күнара пайдаланған дұрыс", - деді Жанат Бақыт.
"Бір күн уақытты алады"
Сабын қайнату кезінде ешкімге мұны көрсетуге болмайды екен. Ырымы сондай.
"Бұл сабын кірпияз болып келеді. Сабын жасау процесін ешкімге көрсетпеймін. Кез келген адамның қолы тиюге болмайды. Себебі сабын кірпиязданып, шықпай қалуы мүмкін. Орамы келмей қалады. Кір сабын 100 пайыз табиғи өнім. Оны өзім дайындаймын. Ал басқа қалаларға жеткізуге келінім Самал көмектеседі. Себебі сабынды қайнату оңай шаруа емес", - деді Жанат Бақыт.
@seriksamal98 Ответ пользователю @Salman? ♬ оригинальный звук - Самал Серік
Емдік қасиеті бар сабынның бағасы - 2500 теңге.
"Сабынды өзіміз жаз мезгілінде үнемі дайындап, жасап қоямыз. Содан ауылда сұраныс туындай бастады. Баласын шомылдыруға ауылдағы жас келіндер жиі сұрап келетін болды. Тегін алуға қысылып, "сатып алайық" деп ұсыныс айтатын. Келінім Самал видео дайындап, ауыл арасына хабарландыру ретінде жіберетін. Сол видеоны TikTok желісіне салған екен, қазір бүкіл Қазақстан тапсырыс беріп жатыр.
Салмағы 250-400 гр болғанымен, бағасы 1500-2500 тг аралығында. Себебі бір күндік уақыт кетеді. Бұл сабынның ырымы бар. Ортасынан бөлуге болмайды, себебі жамандық болуы мүмкін", - деді ол.
Еске салайық, бұған дейін ақтөбелік емші суицидтің алдын алудың құпиясын айтқаны туралы жарияланған болатын.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!