Иркутскіде Су-30 ұшағы сынақтан өту кезінде апатқа ұшырады. Бұл туралы БАҚ өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ұшақ Иркутск қаласының тұрғын үйлер арасында құлады, өрт сөндіру және құтқару бөлімшелері оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.
"Иркутскіде болған апаттан екі ұшқыш оқиға орнында қаза тапты. Тұрғын үйдің үстіне құлаған ұшақ жергілікті уақыт бойынша 17:47-де әуежайдан көтерілді. Кейін байланыс тоқтап қалды. Оған тағы бір Су ұшағы жіберілді. Екінші ұшақ экипажы ұшқыштардың ес-түссіз жатқанын көрді", - делінген Mash Telegram-арнасында.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!