Ирина Шейк: «Мен қызымды күтушісіз тәрбиелеп отырмын»

Ирина Шейк биыл сән индустриясында үлкен мерейтойын атап өтеді. Оның подиумдар мен мұқабалардың сәнін келтіріп жүргеніне – 15 жыл. Модельдің әсерлі мансабына құрмет көрсету мақсатында V ықпалды басылымы сұхбат алды.

Бұл  сұлуды мектепте өзінің сыртқы келбеті үшін қатты қорқытады деп кім ойлаған: «Мен модель боламын деп ешқашан ойламадым. Бала кезімде мен өте арық едім, еріндерім үлкен, терім қоңыр болды, бәрі мазақ ететін. 14 жасымда әкемнен айырылғандықтан, бұл мүмкіндікті отбасыма көмектесу жолы ретінде қарастыра бастадым. Үйде  анам, екі әжеммен және әпкеммен өстім, сондықтан менің үйімде тек әйелдер болды. «Адам болу керек» деп ойладым. Ал модельдік маған мұны жасауға көмектесті, ол біздің өмірімізді өзгертті». 

Бірақ сұхбаттағы ең әсерлі және ашық сәт ана мәртебесіне қатысты болды. «Біз күтуші жалдамай, қызымызды өзіміз өсіреміз деп шештік. Көбінесе көңілді кешке барғыңыз келмесе, «баланы қалдыратын ешкім жоқ» деген сылтау айтуға жақсы болды (күлді).  Ана болу керемет! Мен оны соншалықты ұнататынымды және біреуді осыншама қатты жақсы көретінімді елестете де алмадым. Отбасы – ең бастысы, бірақ мен өз жұмысыма да ғашықпын. Мен қызымды мықты етіп өсіргім келеді және оған әжем мен анам үйреткенді үйреткім келеді – ал оған қол жеткізгіңіз келсе, аянбай еңбек етуіңіз керек.