“Ирина Кайратовна, ұялсаңдаршы!“ Баян Мақсатқызы танымал топқа ескерту жасады

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы KeshYou тобымен бірге ән жазуға келіспеген қазақстандық Ирина Кайратовна тобының жігіттеріне ескерту жасады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Баян Алагөзова бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады. 

"Ирина Каратовнаға бізбен фит айтуға өтініш айтып тұрған сәт. Олар бір рет бас тартты. Бірақ мен үмітімді үзбеймін, талантты адамдармен жұмыс істеу оңай болмаған, ал олармен келісімге келу одан да қиын... Ирина Кайратовна, ұялсаңдаршы! Снуп Дог бір жыл ойланды, сосын оған қатты ұнап қалды. Барлық қыздардан құралған топ мұны басынан өткізді, біз төзімдіміз, қырсықпыз, сұлумыз, таланттымыз және үнемі бір толқындамыз! Үш күннен кейін хабарласамын", – деп жазды Баян Мақсатқызы. 

Танымал продюсер жариялаған жазбаға желі қолданушылары пікір білдіріп жатыр. Олардың пікірі екіге бөлінген. KeshYou тобы мен Ирина Кайратовнадан жақсы фит шықпайтынын айтып жатқандар бар. 

"Жоқ, бұл жерде ештеңе болмайтыны анық. Вайбы басқаша ғой. Мирас Жүгінісов, Райм, Тұрар, Садраддин, Калифарния деген әншілермен жаса, солармен жасауға болады", "Ирина Кайратовна, осыдан фит айтсаңдар, сендерді тыңдамаймын", "Снупқа бәрібір ғой, ал бұл жігіттер тіпті гонорарға қарамайды, принцип ұстанады", – дейді олар. 

Екі топтың болашағынан үміт күтетіндер де табылды. 

"Ирина Кайратовна, күтеміз, расымен ұялсаңдаршы!", "Баян Мақсатқызынан бас тартуға болмайды", "Меніңше, Баян Мақсатқызына келісім берулерің керек. Қайрат Нұртаспен де ән айтып жүрсіңдер ғой", – деп жазып жатыр желі қолданушылары. 

Әзірге фит жазылып-жазылмайтыны белгісіз. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз