Иранның Каспий теңізіндегі басты порты зымыран соққысына ұшырады

Иранның Каспий теңізі жағасындағы ең үлкен порты Бендер-Энзели америкалық және израильдік әуе күштерінің шабуылына ұшырады. Бұл туралы Иранның Tasnim ақпарат агенттігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Басылым мәліметінше, шабуылдың мақсаты кеден қызметінің ғимараттары, кеме қатынасы компаниясының әкімшілік ғимараты және басқа да порт нысандары болған. Зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.

Бұған дейін Иран зымырандары Тель-Авивте Бен Гурион әуежайының үстінен атып түсірілді. Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта да жарылыстар болды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз