3 қазанда Иранның жоғарғы басшысы аятолла Али Хаменеи елде екі аптадан аса уақыт бойы тоқтамайтын ауқымды наразылық туралы алғаш рет пікір білдірді, - деп хабарлайды Euronews.
Ол шерулерді АҚШ пен Израиль ұйымдастырды деп айыптап, хиджабты шешіп, мешіттер мен полиция көлігін өртеп жібергендердің әрекетін "дұрыс емес" деді.
"Мұны кім жоспарлады? Әлбетте, Америка - шетелдегі бірнеше ирандық сатқынның көмегімен, өтірікші, басып алушы, сатылған агенттер мен сионистік режим арқылы жоспарлады", - деді аятолла Али Хаменеи.
Иранда кейінгі жылдардағы үлкен наразылық толқыны 22 жастағы Махса Аминидің өліміне байланысты болды. Иран полиция қызметкерлерінің айтуынша, ол хиджабты дұрыс кимеген. Әйелдердің құқықтарын қорғау шерулерінен наразылықтар тез арада 1979 жылғы Ислам революциясы кезінде құрылған режимді құлату талаптарына айналды. Жергілікті телеарнаның хабарлауынша, наразылық салдарынан кем дегенде 41 адам қаза тауып, тағы 1500 ирандық қамауға алынған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!