Ираннан ұшырылған дрон Әзербайжандағы әуежай аумағына құлаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.
Нахичеван қаласындағы әуежай аумағында дрон жарылған, салдарынан өрт шыққан. Кейбір БАҚ мәліметінше, терминал ғимараты зақымданған. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.
Әлеуметтік желілерде оқиғаның видеосы тарады.
Нахичеваннан Иранмен шекараға дейін шамамен 30 шақырым бар.
Айта кетейік, бұған дейін Иран Түркия бағытына баллистикалық зымыран ұшырғанын жоққа шығарды. Бұл туралы Ислам Республикасы Қарулы күштерінің Бас штабы мәлімдеді.
Еске салайық, 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға қарсы ауқымды әскери операция бастады. Тель-Авив соққының мақсаты Тегеран ядролық қару алуына жол бермеу екенін мәлімдеді. АҚШ президенті Дональд Трамп та Иран флоты мен қорғаныс өнеркәсібін жоюға ниет білдірді.
Жексенбіге қараған түні Иранның жоғары көсемі Әли Хаменеи қайтыс болғаны жарияланды.
Тегеран жауап ретінде Израиль аумағына, сондай-ақ, Таяу Шығыстағы Америка базаларына шабуыл жасады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!