Ираннан әкелінген: құны 90 млн теңгеге жуықтайтын темекі тәркіленді

Маңғыстау облысында құны ондаған миллион теңге болатын заңсыз экспортқа жол берілмеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 

Өңірдегі "Морпорт" кеден бекетінде контейнер тексерілген. Онда Ираннан келген қоқыс жәшіктерін желеу етіп, контрабандалық жолмен әкелінген Oris темекілерінің үлкен партиясы жасырылған. Жалпы құны 85,9 млн теңге болатын 226 мыңнан аса қорап анықталды.

Бұл дерек бойынша (ҚР Қылмыстық кодексінің 234-бабы Экономикалық контрабанда) бойынша соталды тергеу басталды.

Жетісу облысындағы "Алтынкөл-Жол" бекетінде де құны 87 млн теңге болатын 400 мың қорап темекіні заңсыз алып өту әрекеті тоқтатылды.

Жүк Польшаға жеткізілмек болған.  

Түркістан облысында 17 көлікпен шекарадан өткізбек болған 413 тонна ағашты заңсыз экспорттауға жол берілмеді.

Қылмыскерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!