Ираннан 52 Қазақстан азаматы қайтарылды - СІМ

Ираннан 52 Қазақстан азаматы қайтарылды - СІМ
Фото: depositphotos.com

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі құзырлы мемлекеттік органдармен бірлесіп, Таяу Шығыстан азаматтарды қайтарып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Эвакуация басталғалы бері 12 әуе рейсімен 3300-ден аса азамат елге оралған.

"Ирандағы дипломаттар 6 наурызда "Заркух" компаниясында жұмыс істейтін 7 қазақстандық азаматты иран-армян шекарасына жеткізуді жоспарлап отыр. Бұған дейін Тегеран мен Еревандағы дипломаттар Иран аумағында қалған "Заркух" компаниясының 34 қызметкерінің елден шығуын ұйымдастырып, олар автобуспен иран-армян шекарасынан өтті. Жалпы Ираннан бүгінге дейін 52 Қазақстан азаматы елге қайтарылды", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанға тағы 800-ден аса азамат жеткізілгені хабарланды. 

Еске салайық, 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға қарсы ауқымды әскери операция бастады. Тель-Авив соққының мақсаты Тегеран ядролық қару алуына жол бермеу екенін мәлімдеді. АҚШ президенті Дональд Трамп та Иран флоты мен қорғаныс өнеркәсібін жоюға ниет білдірді.

Жексенбіге қараған түні Иранның жоғары көсемі Әли Хаменеи қайтыс болғаны жарияланды. 

Тегеран жауап ретінде Израиль аумағына, сондай-ақ, Таяу Шығыстағы Америка базаларына шабуыл жасады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget