Иранға жасалған жаңа соққылар: Трамп мәлімдеме жасады

АҚШ президенті Дональд Трамп америкалық әскерилердің Ирандағы көп нысанына соққы бергенін растап, Тегеранға ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"АҚШ авиациясы Иранның зымыран және дрон қоймаларына, сондай-ақ, жағалаудағы радарларына соққы жасады", — деп жазды Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде.

Ол бұл қадамды "оқ атуды тоқтату туралы келісімнің кезекті бұзылуына" қайтарылған жауап деп атады.

"Өткен тәжірибе оларға сабақ болмаған секілді! Біз бұдан былай ұстамды болмаймыз және басталған істі әскери жолмен аяқтауға мәжбүр болатын сәт тууы мүмкін. Егер бұлай болса, Иран Ислам Республикасы жойылады", — деп ескертті Америка көшбасшысы.

28 маусымға қараған түні АҚШ Иран аумағына бірнеше жаңа соққы жасады. АҚШ Қарулы Күштерінің Таяу Шығыстағы Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) бұл шара ирандықтардың Ормуз бұғазындағы коммерциялық кемеге кезекті рет оқ жаудырғанына жауап ретінде жүзеге асырылғанын хабарлады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!