Экология министрлігі Ирандағы мұнай қоймаларына жасалған шабуылдан пайда болған "улы түтін" мен "қышқыл жаңбыр" Орталық Азия елдеріне жетуі мүмкін деген сыбысты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
"Бұл заттардың нақты концентрациясы мен салдары әзірге белгісіз. Бірақ әдетте зиян түзіліс ұзақ қашыққа дейін тарамайды. Сондықтан бізде денсалыққа зиян қышқыл жаңбыр жаумайтынын сеніммен айта аламын", - деді экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев.
Шенеуніктің сөзінше, улы газдар Қазақстанға да, Орта Азияның басқа елдеріне де жетпей, ауада тарап, жоқ болып кетуі - физикалық құбылыс. Сондықтан министр дабыл қағып, жұртты дүрліктірудің қажеті жоқ екенін мәлімдеді.
Еске салайық, бұған дейін Иранның Қызыл Жарты ай ұйымы мұнай қоймаларындағы жарылыс салдары қышқыл жауынға ұласуы мүмкін екенін ескертті. Кейінірек Қазгидромет мәлімдеме жасады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!