Ирандағы мектепке жасалған соққы: қаза тапқан оқушылар саны 148-ге жетті

Ирандағы мектепке жасалған соққы: қаза тапқан оқушылар саны 148-ге жетті
Фото: Видео кадры

Иранның оңтүстігіндегі Хормозган провинциясының Минаб ауданындағы қыздарға арналған "Шаджаре Тайебе" бастауыш мектебіне соққы жасалды. Соның салдарынан 148 оқушы қаза тауып, 95 адам зардап шекті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

"Минабтағы қыздар мектебінде қаза тапқандар саны 148 адамға жетті, жараланғандар саны - 95", - делінген жергілікті Mizan агенттігінің билікке сілтеме жасаған хабарламасында.

Бұған дейін Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Исмаил Багаи елдің оңтүстігіндегі мектепке жасалған соққы салдарынан 160-қа дейін адам қаза табуы мүмкін екенін мәлімдеген болатын.

Сенбіде АҚШ пен Израиль Иран аумағындағы нысандарға, соның ішінде Тегеранға да, бірқатар соққы жасады. Соның салдарынан ғимараттар қирап, бейбіт тұрғындардың қаза тапқаны хабарланды. Бұған жауап ретінде Иран Израиль аумағына, сондай-ақ Таяу Шығыстағы АҚШ-тың әскери нысандарына зымыранмен соққы берді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Massaget.kz
Logotype Massaget