Иранда болған жарылыстан қазақстандықтар зардап шеккен жоқ. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жексенбіге қараған түні Иранның әскери инфрақұрылым нысандарында бірнеше жарылыс болды.
Ел астанасы Тегеранда да жарылыс дыбысы естілген. Мұнда зардап шеккендер жоқ.
Иран қорғаныс министрлігі Исфаханда оқ-дәрі зауытына дронмен шабуыл жасалғанын растаған.
"28 қаңтарда сағат 23.30 шамасында қорғаныс министрлігі орталықтарының біріне дронмен сәтсіз шабуыл жасалды. Біреуін әуе шабуылынан қорғайтын жүйе атып түсірді, екеуі қорғаныс қақпанына түсіп, жарылды" деп жазылған ведомство хабарламасында.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!