Иранда хиджабты дұрыс кимегені үшін қыз қайтыс болғаннан кейін жаппай наразылық басталған еді. Соның салдарынан тоғыз адам қаза болған, - деп хабарлайды Daily Mail.
Наразылықтар Иранның шамамен 20 қаласында, соның ішінде астанасы Тегеранда да басталған. Тоғыз адам тәртіпсіздіктердің құрбаны болған.
Қаза болғандар саны туралы ақпарат күрд құқық қорғау топтарынан келіп түскені айтылған. Билік қаза болғандар туралы деректі растамаған, бірақ прокурорлардың бірі Tasnim ақпарат агенттігіне екі адам "контрреволюция элементтері арқылы" өлтірілгенін айтқан.
IRNA мемлекеттік ақпарат агенттігі тәртіп сақшыларының бірі Шираздағы демонстранттармен болған қақтығыстар кезінде алған жарақаттарынан қайтыс болғанын хабарлаған.
Әлеуметтік желілерде кейбір демонстрант әйелдер хиджабтарын шешіп, отқа жағып жіберетін бейнероликтер таратып жатыр.
Мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары елдің 15 қаласын қамтыған көше митингілерінің бесінші түнінде полиция көзден жас ағызатын газ қолданып, қамауға алынғанын хабарлаған. IRNA ақпарат агенттігі мәліметінше, демонстранттар тәртіп сақшыларына тас лақтырып, полиция көліктері мен қоқыс жәшіктерін өртеп, үкіметке қарсы ұрандар айтқан.
Сонымен қатар, NetBlocks интернет-бақылау тобы өкілдері Ирандағы наразылықтардың суреттері мен видеоларын тарату үшін пайдаланылатын әлеуметтік медиа платформалардың бірі - Instagram-ға кіру шектелгенін айтқан.
Күрдістан провинциясында, Тегеранда және елдің басқа бөліктерінде интернет бірнеше күн бойы жұмыс істемеген.
Еске салайық, бұған дейін Иранда жаппай тәртіпсіздік күшейе түскені хабарланған болатын.
@massaget.kz #иран#махса#амини#жаңалық#қарсылық#жаза#митинг#рек#хочуврек#әйел#женщины#mahsa_amini ♬ оригинальный звук - Massaget.kz
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!