Иранда үйлену тойындағы дәстүрлі атыс қайғылы оқиғамен аяқталды. Төбеге атылған оқтардың бірі 24 жастағы қалыңдықтың басына тиіп, тағы екі қонақ жарақат алды, - деп хабарлайды Daily Mail басылымы.
Басылым мәліметінше, күйеу жігіттің туысы аңшы мылтығынан оқ атқан. Оқиғадан кейін ол қашып кеткен. Полицейлер ер адамның қаруға лицензиясы жоғын және оны қалай ұстау керегін білмейтінін анықтады.
Көп ұзамай тәртіп сақшылары күдіктіні қолға түсірген. Ұсталған кезде қалыңдыққа оқ атқан қаруы оның жанында болған.
Марқұм қыздың отбасы қызының ағзаларын үш адамға донор ретінде берілгенін айтқан.