Иранда қаза тапқан Әли Хаменеидің орнына уақытша басшылыққа аятолла Әлиреза Арафи тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ISNA-ға сілтеме жасап.
Иранда жаңа жоғарғы көшбасшыны кейінірек Сарапшылар кеңесі таңдайды, ал оған дейін елді үш адамнан тұратын кеңес уақытша билейді.
Аятолла Әлиреза Арафи - Ирандағы беделді дін қайраткері әрі саяси тұлға. Ол елдің жоғары билік құрылымдарында маңызды және марқұм Хаменеиге жақын адамдардың бірі саналады.
Арафи елді басқаратын уақытша кеңестің жетекші мүшесі болып тағайындалды. Бұл кеңеске Иран президенті Масуд Пезешкиан мен сот жүйесінің басшысы да кірді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz