- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Иранда әлеуметтік желідегі...
Иранда әлеуметтік желідегі наразылық акциясына қатысқан танымал актриса қамауға алынды
Иран билігі елдің ең танымал актрисаларының бірі Таране Алидоустиді қамауға алды. Актрисаға елдегі жалпыұлттық наразылықтар туралы жалған ақпарат таратқаны үшін айып тағылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Еuronews басылымына сілтеме жасап.
"Коммивояжер" фильмінің жұлдызы Instagram-да үкіметке қарсы демонстранттың өлім жазасына кесілгенін айыптаған жазбасын жариялаған. Бірнеше күннен кейін актриса ұсталды. Қарашада әлеуметтік желіде актриса наразылық білдірушілермен бірлесе отырып, хиджабсыз түскен суретін жариялады.
Еске салайық, Иранда хиджабты дұрыс кимегені үшін қамауға алынған Махса Амини қайтыс болғаннан кейін қыркүйектің ортасында наразылықтар басталды. Көп ұзамай акциялар бүкіл елге тарады.
Құқық қорғаушылардың мәліметінше, шеруді басып-жаншу кезінде қауіпсіздік күштері кем дегенде 495 демонстрант өлтірген. 18 мыңнан аса адам қамауға алынып, 11-і өлім жазасына кесілді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек