Иран үш елге шабуыл жасағаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

Иран үш елге шабуыл жасағаны туралы ақпаратты жоққа шығарды
Фото: depositphotos.com

Иран қарулы күштері Кипр, Түркия және Әзербайжанға шабуыл жасаған жоқ. Бұл туралы брифинг барысында Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Исмаил Бағаи мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

"Әзербайжан, Түркия және Кипрге қатысты айтсақ, қарулы күштердің Бас штабы Иран аумағынан немесе елдің қарулы күштері тарапынан мұндай реактив оқ ұшырылмағанын нақты әрі ресми түрде мәлімдеді", – деп келтіреді Бағаидың сөзін ирандық SNN телеарнасы.

Иран Сыртқы істер министрлігінің өкіліне АҚШ пен Израильмен бітімге келу туралы келіссөз жүргізілуі мүмкін бе деген сұрақ қойылды. 

"Әскери қақтығыс жалғасып жатыр. Қазіргі жағдайда қорғаныс пен қарсыласқа жойқын жауап беруден басқа мәселе туралы айту орынсыз", – деді ол.

Сонымен қатар, Бағаи АҚШ-тың негізгі мақсаты Иранның мұнай ресурстарына қол жеткізу екенін де мәлімдеді.

Еске салайық, 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иран аумағындағы нысандарға, соның ішінде Тегеранға да соққы жасай бастады. Өз кезегінде Иран Израиль аумағына және Таяу Шығыстағы АҚШ әскери нысандарына жауап соққыларын жасап жатыр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget