- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Иран президенті тікұшақ...
Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапты
Фото:
©️ Al Jazeera
Иран президенті Ибрахим Раиси отырған тікұшақ толығымен өртеніп кетті. Апат болған тікұшақта бірнеше шенеунік отырған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Агенттік мәліметінше, тікұшақта отырған адамдардың бәрі қаза тапқан.
Ирандық БАҚ-тар президент отырған тікұшақтың кадрларын жариялай бастады.
Құтқарушылар ауа райының қолайсыздығына қарамастан түні бойы тікұшақты іздеу жұмыстарымен айналысты. Олар дүйсенбі таңертең апат болған орынды тапты.
Бұған дейін Press TV телеарнасы тікұшақ түріктің Akıncı құрылғысы арқылы табылғанын хабарлаған болатын.
IRNA мемлекеттік агенттігінің мәліметінше, Раиси Bell 212 тікұшағымен ұшқан.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина