Иран келіссөзді қайта бастау үшін АҚШ-қа үш талап қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Al Mayadeen телеарнасына сілтеме жасап.
"Иранның шарттары - соғыс қайта басталмауына кепілдік беру, ядролық отынның толық циклін иелену және өтемақы төлеу", - деп жазылған телеарна мәліметінде.
Айта кетейік, 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға қарсы ауқымды әскери операция бастады. Тель-Авив соққының мақсаты Тегеран ядролық қару алуына жол бермеу екенін мәлімдеді. АҚШ президенті Дональд Трамп та Иран флоты мен қорғаныс өнеркәсібін жоюға ниет білдірді.
Жексенбіге қараған түні Иранның жоғары көсемі Әли Хаменеи қайтыс болғаны жарияланды.
Тегеран жауап ретінде Израиль аумағына, сондай-ақ, Таяу Шығыстағы Америка базаларына шабуыл жасады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!