Иран Израильді ракетамен атқылады. Бұл туралы Израиль әскері мәлімдеді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазір бүкіл Израиль аумағында дабыл қағылып, тұрғындарға қауіпсіз жерге тығылуға бұйрық берілді.
Израиль әскері Иран 400 ракета жіберді деп отыр.
Ал Иран Ислам революциясы сақшылар корпусының арнайы жасағы бұл шабуылды ХАМАС лидері Исмаил Ханияның, "Хезболла" лидері Хасан Насыралланың және Иран жасағының командирі Аббас Нилфрушаның өліміне жауап екенін мәлімдеді.
Израиль телеарнасының 12 арнасының хабарлауынша, еврей мемлекеті әуе кеңістігін жапты. Ирак пен Иордания да осындай шешім қабылдады.
Ал АҚШ президенті Джо Байден АҚШ әскеріне Израильге Иранның шабуылдарынан қорғану үшін қолдау көрсетуді бұйырды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!