Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусы Таулы Қарабақтағы жағдайдың шиеленісуі аясында өз техникаларын Әзербайжан маңындағы шекараларға жылжыта бастады. Видео ирандық Sepah Pasdaran Telegram-арнасында жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz.
2022 жылы наурызда Ислам революциясы Сақшылар корпусы көрші мемлекеттер шекарасындағы өзгерістерге шыдамайтынын, сондықтан "Арменияға кез келген әскери басқыншылық Иран Қарулы күштерінің реакциясына тап болатынын" ескертті. Иран мен Әзербайжан шекарасының 400 шақырымы ортақ.
Әзербайжан шекарасына Иран әскери техникасын тасымалдағаны ресми расталмаған. Жарияланған видеода бронетранспортер тиелген жүк көлігі тасжолда кетіп бара жатқаны көрінеді.