- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Иран азаматы әлемдегі...
Иран азаматы әлемдегі ең кішкентай адам атанды
20 жастағы иран азаматы – Афшин Исмаил Гадерзаде әлемдегі ең кішкентай адам ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді. Оның бойы 64 сантиметр. Бұл туралы Гиннестің рекордтар кітабының сайты хабарлады.
Ата-анасының айтуынша, баланың туғандағы салмағы небәрі 600 грамм болған. Дәрігерлердің тірі қалмайды деген болжамына қарамастан, бала аман қалған.
Ол өзінің кішкентай бойына мүлдем ұялмайды.
"Мен әлемдегі ең ұзын адам кім екенін білемін. Оның алақанына сиямын", – деп әзілдейді Афшин.
Афшин өзінің физикалық ерекшеліктеріне байланысты жұмыс табу қиынға соғатынын айтады. Бірақ ол қол жеткізген атақ-даңқ отбасын материалдық жағынан қамтамасыз етеді деп үміттенеді.
"Менің арманым – ата-анама көмектесу. Мүмкін, дүниежүзіне танылуым арманымды жүзеге асыруға көмектесетін шығар", - дейді ол.
Айта кетейік, бұған дейін әлемдегі ең кішкентай бойлы адам – Хагендра Тапа Магар 28 жасында қайтыс болғанын жазған едік. Оның бойы 67,08 сантиметр, 2011 жылы Гиннестің рекордтар кітабына енген. Айта кету керек, Хагендра филиппиндік Джуни Джей Балаувинге қарағанда 7 см биік, бірақ Балауинг өздігінен жүре алмайды.
Одан кейін тәуелсіз қозғала алатын әлемдегі ең кішкентай адам атағы, бойы 70,21 сантиметр колумбиялық Эдуардо Нино Эрнандеске өткен болатын.
Т. Раушанұлы