Иран азаматтары Каспий теңізі арқылы Қазақстан шекарасынан заңсыз өткен: сот үкімі шықты

Маңғыстау облысында мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткен Иран азаматтарына сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мән-жайы

24 шілдеде Иран Ислам Республикасының үш азаматы балық аулау кезінде Каспий теңізі арқылы Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өткен. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің әскери қызметшілері оларды ұстаған.

Бұл жағдайға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 392-бабы 1-1-бөлігі (адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша мемлекеттік шекараны өткізу пункттерінен тыс жерде қасақана заңсыз кесіп өту) бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Сот үкімі

Қарақия аудандық сотының үкімімен Иран Ислам Республикасының үш азаматы кінәлі деп танылып, оларды Қазақстаннан тыс жерге шығару және бір жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!