Иран әуе кеңістігінің бір бөлігін рейстерге қайта ашты - БАҚ

Иран әуе кеңістігінің бір бөлігін рейстерге қайта ашты - БАҚ
Фото: depositphotos.com

Иранның азаматтық авиация басқармасы 18 сәуірде таңертеңнен бастап елдің әуе кеңістігінің бір бөлігі ашылатынын жариялады. Бұл туралы бірқатар БАҚ, соның ішінде Tansim телеарнасының сюжетінде айтылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

БАҚ мәліметтеріне сәйкес, елдің әуе кеңістігінің бір бөлігі сенбі, 18 сәуірде жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 7:00-де ашылды. Шешім ұшу қауіпсіздігі талаптарын ескере отырып, Ұлттық азаматтық-әскери үйлестіру комитетінде жағдайды қарастырғаннан кейін қабылданды.

"Осыған сәйкес, сондай-ақ, ұшқыштар құрамына арналған хабарлама (NOTAM) негізінде елдің әуе кеңістігі мен бірқатар әуежай 18 сәуірде таңғы сағат 7:00-ден бастап ашылды", — деп агенттік басқарма хабарламасынан үзінді келтіреді.

Сонымен қатар, әуежайлардың жұмысы әскери және азаматтық қызметтердің дайындығына қарай біртіндеп қалпына келтірілетіні хабарланды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Massaget.kz
Logotype Massaget